RU

Дана Нұржігіт: Парламент алдында тұрған жоспарлар айқындалды

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Отандық танымал журналист Дана Нұржігіт парламенттің қос қанаттарының біріккен отырысына қатысып, оның барысында мемлекет басшысы көтерген басты мәселелерге тоқталып өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент отырысы кезінде айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді. Ол мемлекет басшысы көтерген маңызды мәселелер мен енгізген өзгерістерді Instagram парақшасында тізіп шықты.

Айта кетерлігі, мәжіліске өтпей қалған партиялар құрамындағы білікті мамандар болашақта ұлт мүддесі үшін қолға алынатын жұмысқа тартылмақ.

"Жаңа ғана президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен парламенттің қос палаталарының біріккен отырысы өтті. Мәжілістің жетінші шақырылымының жаңартылған құрамы бекітіліп, ҚР парламентінің алдында тұрған жоспарлар айқындалды. Президент өз сөзінде пандемияға қарамастан сайлау алды науқанның тартысты әрі қызу өткенін айта келе, мәжіліске өтпей қалған партиялар құрамында ел болашағына үлес қосатын білікті мамандар, ұлтжанды азаматтардың көп болғанын және олар болашақта ұлт мүддесі үшін қолға алынатын жұмыстарға тартылатынын айтты.

Саяси реформалар сабақтастық негізде, өз кезеңімен жүргізілуі керек дей келе, болашақта партиялардың мәжіліске өту үшін дауыс жинау шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендейтінін айтқанда залда отырғандар президенттің бұл сөзін қол шапалқатап қабылдады! Сондай-ақ, адам құқытары жөніндегі сөзінде президент алдағы сайлауларда бюллетендерде "барлығына қарсымын"деген жолдың болуы керектігін айтып, сайлауға мүлде бармай, енжарлық танытпай, "таңдау жоқ" екенін ресми білдірудің өзі азаматтың заңды құқығын пайдаланғанын, яғни таңдауын білдіреді деді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы,республика парламентаризмінің 25 жылдығында жұмысқа кіріскелі тұрған парламент мүшелерінің алдында жаңа заманға сай, күрделі бетбұрыс, реформаларға негіз болатын сапалы заңдар шығару жұмысы тұр. Осы орайда, ешқандай лоббизмге жол бермей, ұлт мүддесін бәрінен де биік қоятын, еліне қалтқысыз қызмет ететін азаматтармен толыққан парламентке президентіміз ел болашағы үшін жемісті еңбек тілеп, зор сенім білдірді" , - деп жазды Дана Нұржігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893971-dana-nrzigit-parlament-aldynda-trgan-zosparlar-ajkyndaldy/