Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 268 млн теңгенің темекісін ұрлаған ер адам бес жылға сотталды

Опубликовано:

Темекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласының №2 соты үлкен көлемдегі темекі партиясын ұрлағаны үшін жергілікті тұрғынды кінәлі деп таныды. Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабымен айыпталып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің мәлімдеуінше, айыпталушы тіркемесі бар жүк көлігін айдап кеткеннен кейін ұсталған. Тіркемеде жалпы сомасы 268 миллион теңгеден асатын 1 690 қорап темекі өнімі болған.

Тауар қылмыстық істі тергеу аясында заттай айғақ деп танылды.

"Атырау қаласының №2 сотының үкімімен күдікті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы (ұрлық) мен 200-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы (тонау мақсатынсыз автомобиль немесе басқа да көлік құралын заңсыз иелену) бойынша кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.

Сот айыпталушыға қатысты бес жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Одан бөлек, сотталушы 268 миллион 304 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеуі керек.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркілегенін жазған едік.

"Құқықтық тәртіп” жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894002-atyrauda-268-mln-tegeni-temekisin-rlagan-er-adam-bes-zylga-sottaldy/

pixel