Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шенеунікке 12 миллион теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Бекжан Халимжанов за рабочим столом
Фото: facebook.com/bekzhan.halimzhanov

Түркістан облысында сот "Сайрам ауданының ветеринария қызметінің" бұрынғы басшысы Бекжан Халимжановқа қатысты үкім шығарды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамның бөтеннің мүлкін беруі) кінәлі деп танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сайрам аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Үкімде көрсетілгендей, ветеринарлық қызметтің басшысы бола тұра, Бекжан Халимжанов 2019 жылдың соңында жеке компаниямен сібір жарасының табиғи ошақтарын емдеу туралы келісім жасасқан.

Мәміле сомасы мемлекеттік бюджеттен бөлінген 1 262 500 теңгені құрады.

Сонымен қатар мердігердің тиісті лицензиясы да, мамандары да болмағын анықталған.

Ақша орындаушының есепшотына аударылғаннан кейін, Халимжанов 1,2 миллион теңгені алған, бірақ қаражаты алған уақытта оны тергеу органдары ұстады.

Тергеу барысында шенеунік өзінің кінәсін толығымен мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасауды сұрады.

Нәтижесінде сот оған бөлінген қаражаттың 10 еселенген мөлшері - 12 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылады және жәбірленушілер үшін өтемақы қорына 50 500 теңге көлемінде міндетті төлем төлеуі керек.

Тараптардың шағымдануға әлі уақыты бар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894012-trkistan-oblysynda-seneunikke-12-million-tege-ajyppl-salyndy/

pixel