Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да бір жыл бұрын кәсіпкерді отбасымен қоса өлтіріп кетті: ешкім ұсталған жоқ

Опубликовано:

Бизнесмен үйі
Бизнесменнің үйі. Фото: NUR.KZ

14 қаңтар бизнесмен Александр Запрометовтың отбасын аяусыз өлтіргеннен бері тура бір жыл болды. Бәйтерек ауданы, Янайкино ауылында адамдар әлі күнге дейін жаңадан көшіп келгендерден қорқады. Атышулы оқиғаға Батыс Қазақстан облысының полиция бөлімінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкер Александр Запрометов пен оның отбасын аяусыз өлтіргенінен бері бір жыл өтті. Полиция үш кісі өліміне қатысты тергеу жалғасуда деп атап өтті. Іс сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Қылмыс ашылмаған күйінде қалып отыр. Барлық нұсқалар мен уәждер бойынша шаралар кешені қабылданды. Оң нәтижеге қол жеткізілген жоқ", – деді БҚО полиция департаменті.

Кісі өлтіруден кейін бірден шағын ауылдың тұрғындары далаға шығуға қорқатындықтарын атап өтті. Қазір жағдай тынышталды, бірақ адамдар өз қауіпсіздіктері үшін әлі де алаңдаулы.

"Бұл әлі де қорқынышты. Түнде қамалып, үйде отырамыз. Кісі өлтіргеннен кейін көптеген ауыл тұрғыны бейтаныс адамдарды немесе көлікті көріп, туыстары мен достарына ескерту жасайды. Валя Запрометова өте мейірімді әйел болған. Оның күйеуінің де ешкімге зияны жоқ еді. Ұлы ұзақ уақыт ауылда тұрды, бірақ кейін Ресейге көшті", – деді Янайкино ауылының тұрғындарының бірі.

Полиция департаменті бұл істің ҚР ІІМ бақылауында екенін түсіндірді.

"Бір жыл ішінде Янайкино ауылдық округінде 9 қылмыс жасалды, оның ішінде Запрометовтар отбасын өлтіру. Бұл 4 ұрлық, 2 мал ұрлығы, 1 денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру және 1 заңсыз аң аулау фактілері. Үш қылмыстың беті ашылмаған", – деп атап өтті БҚО ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894053-bko-da-ksipkerdi-zne-ony-otbasyn-ltirgennen-beri-bir-zyl-tti-birak-eskim-stalgan-zok/

pixel