Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды

Опубликовано:

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Түркістан облысы аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы шықты.

"Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Ол Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға бірқатар шараны қадағалау керегін айтты.

"Ойын-сауық нысандарының (түнгі клубтар, компьютерлк клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің қызметіне тыйым салынсын. Білім беру ұйымдары қашықтан оқытуды, оның iшiндe білімді бағалаудың барлық түpлepiн қашықтан өткізу қамтамасыз етілсін", - делінген құжатта.

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Айта кетейік, елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды. Бас санитардың қаулысында қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына шектеу енгізілді.

Оның ішінде мейрамханалар, дәмханалар, барлар мен асханалар бар. Орналасқан жеріне қарамастан, іште 30-дан астам адам болмауы шарт. Ал бір үстелде ең көбі 4-6 адам отыруы тиіс. Көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр сақталуы керек. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894068-trkistan-oblysyny-aumagynda-karantin-men-sekteu-saralary-zartyldy/

pixel