Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды

Опубликовано:

ТЖД қызметкерлері жоғалып кеткендерді құтқаруда
Фото: Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі

14 қаңтарда Атырау облысында секундына 18-19 метрге дейін жететін қатты жел соғып, тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатыр бөліктерінің қирау оқиғалары орын алды. Облыс аумағында желдің күшеюіне байланысты орын алған төтенше жағдайды жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін департаменттің жедел штабы құрылған болатын. Қатты жел салдарынан Қызылқоға және Жылыой аудандарында тұрғындардың жоғалу фактілері тіркелді деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

14 қаңтар күні сағат 18:54-те Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында Есен-Аман шаруа қожалығының қой бағып шыққан 2 қойшысы 15:30 шамасынан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына ТРЭКОЛ автокөлігімен департаменттің аумақтық бөлімшелерінен 4 қызметкер және «Есен-Аман» шаруа қожалығынан 1 адам барды.

Іздестіру тобы түнгі сағат 23:35-те Құлсары – Мұқыр тас жолы бойымен  Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықтағы  «Есен-Аман» шаруа қожалығына қарасты Шолтақай деген учаскедегі мал қыстағына жетіп, радиусы 30 шақырым болатын аумақта іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру нәтижесінде, 02:50-де «Қазтрансойл» АҚ-на қарасты №3 Мұнай айдау станциясына тартылған электржелісінің 306-шы электрбағанасының тұсынан жоғалған 2 азамат (1978 жылы туған Ақтөбе облысының тұрғыны, 1982 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы) табылды.

ТЖД қызметкерлері жоғалып кеткендерді құтқаруда
Фото: Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі

Азаматтардың айтуынша, қатты жел салдарынан топырақ борап, бағып жүрген 950 бас қой малы мен мінген 1 бас жылқы малынан айырылып қалған және бағыттарынан адасып  кеткен екен.

Жоғалған азаматтардың денсаулығын тексеру үшін оларды Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулықтары бірқалыпты.

14 қаңтар сағат 20:20 шамасында Қызылқоға ауданының Аттырған елді мекенінде Дәулет шаруа қожалығынан сағат 15:00-де 1986 жылы туған азамат УАЗ автокөлігімен Жангелдин ауылына шығып, үйіне әлі уйіне оралмағаны белгілі болды.

Іздестіру жұмыстарына №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімінен жалпы есеппен 6 қызметкер,  1 бірлік ТРЭКОЛ автокөлігі жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде,  23 сағат 55 минутта Миялы ауылынан 57 шақырым қашықтақта Жангелдин ауылдық округіне қарасты Жамансай учаскесі маңынан УАЗ автокөлігімен бағытынан адасқан азамат жанар-жағармай бітіп тұрып қалған жерінен табылды. Жоғалған азаматтың автокөлігіне 20 литр жанар-жағармай құйылып, ТРЭКОЛ автокөлігімен ілесе жүріп Жангельдин ауылына жеткізілді.

ТЖД қызметкерлері жоғалып кеткендерді құтқаруда
Фото: Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі

Табылған уақытта жоғалған азамат дәрігерлік көмекті қажет етпейтіндігі анықталды. Жағдайы бірқалыпты.

Жоғалған адамдар аман-есен табылып, уйлеріне жеткізілі, қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894087-atyrau-oblysynda-zogalyp-ketken-3-adam-tabyldy/

pixel