Шетелден анықтамасыз келген төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресмиTelegram-каналы.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келген.
1 941 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 216 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен – 1 042, анықтамасыз - 127;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен - 650, анықтамасыз - 89;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сонымен қатар, елге анықтамасыз оралған отандастарымыздың арасынан төрт адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды.
"14 қаңтарда анықтамасыз келген 280 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы екі жолаушы Дубай – Алматы рейсімен келген" , - деп хабарлады ВАК.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894108-setelden-anyktamasyz-kelgen-trt-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/