Қырғызстанның ОСК Жапаровты президент сайлауының жеңімпазы деп жариялады
Опубликовано:

Садыр Жапаров Қырғызстанда кезектен тыс өткен президент сайлауында 79,2% көрсеткішпен жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясы бүгінде барлық бюллетендердің 100%-ын тексеріп шығып, ресми сайтында Жапаровты жеңімпаз деп жариялады.
Республиканың орталық сайлау комитетінің мәліметінше, Садыр Жапаров үшін 1,1 млн адам, яғни 79,23% дауыс берген. Екінші орында Адахан Мадумаров орналасқан. Бұл үміткерді 95 мың тұрғын таңдаған.
Айта кетейік, 10 қаңтар күні Қырғызстанда президенттің кезектен тыс сайлауы мен басқару формасы бойынша референдум өткен болатын. Орталық сайлау комиссиясы ертесіне кезектен тыс сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Оған сәйкес, сайлау додасында Садыр Жапаров көш бастаған. Саясаткер үшін 79 пайыз адам дауыс берген7
Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков өткен жылдың 15 қазанында өз еркімен өкілеттігін тоқтатқан еді. Кейіннен орнын орнын Садыр Жапаровтың басқаны белгілі болды.
Сонымен қатар, Жапаров 5-6 қазанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде шерушілер түрмеден босатып алған шенеуніктер арасында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894121-kyrgyzstanny-osk-zaparovty-prezident-sajlauyny-zeimpazy-dep-zarialady/