Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте 598 адам коронавирустан жазылды

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: Eva Marie Uzcategui/Bloomberg via Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте 598 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 73,

Алматы қаласы - 35,

Ақмола облысы - 91,

Ақтөбе облысы - 5,

Атырау облысы - 118,

Шығыс Қазақстан облысы - 34,

Батыс Қазақстан облысы - 31,

Қарағанды облысы - 39,

Қостанай облысы - 2,

Маңғыстау облысы - 2,

Павлодар облысы - 79,

Солтүстік Қазақстан облысы - 87,

Түркістан облысы - 2.

Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 153 035-ке жетті.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Өткен тәулікте 978 адамнан коронавирус анықталған.

Оған қоса, "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаңтардағы қаулысы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жария болды.

Сонымен қатар, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймаққа енгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметіне сәйкес, 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894139-elimizde-tken-tulikte-598-adam-koronavirustan-zazyldy/

pixel