Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда болған жол апатынан екі бүлдіршін зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Көлік апаты
Фото: Sputnik/Стрингер

Өткен түні Алматы қаласының Момышұлы-Универсиада көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан екі бүлдіршін жарақат алды.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, Toyota Camry маркалы автокөлігі бұрылған сәтте Mercedes E-Class көлігіне жол бермеген. Неміс автокөлігінің жүргізушісі бұл жағдайда еш әрекет жасап үлгермей, Toyota Camry көлігінің бүйіріне соғылғаны хабарланды. Жапон көлігі соққыдан бұрылған.

Жол апатынан екі кішкентай бала зардап шекті, оның біреуі бір жаста болса, екіншісі үште. Сондай-ақ, тағы бір қыз жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Көлік апаты
Фото: Sputnik/Стрингер

Басылым тағы бір апат туралы жазады. Suzuki маркалы автокөлігін басқарған ханым Сайна көшесінде Toyota Carina-ға қатты жылдамдықпен келіп соғылған.

Көлік жүргізушелір полицияны күткен. Осы сәтте Daewoo Damas Suzuki-дің артқы жағынан соғыпты.

Шағын автобустың жүргізушісі тұрған машиналарды байқамай қалуы мүмкін деп болжануда. Жүргізушілерге медициналық көмек көрсетілді, бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы жазған болатынбыз. Жәбірленуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Оқиға Потанин көшесінде, 4-ші қалалық ауруханаға жақын жерде болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол соқыр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894229-almatyda-bolgan-zol-apatynan-eki-bldirsin-zardap-sekti-foto/

pixel