RU

Алматыда қылмыс серкесі Серік "Голова" сотталды

Айыпталушы
Серік Джаманаев. Фото: time.kz

Бүгін, 18 қаңтарда қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталып отырған қылмыс серкесі, Алматыда "Голова" лақап атымен танымал Серік Джаманаевқа үкім шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Джаманаев 261-баптың 1-бөлігі, 194-бөлімнің 4-бөлігі, 1,2, 106-баптар бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нақтырақ айтқанда, оның 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары және Chrysler автокөлігі тәркіге алынған.

Джаманаев жазасының алғашқы бес жылын толық қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді, қалған мерзімді - ерекше қауіпсіздік жағдайындағы мекемеде өтеуі тиіс.

Сот Джаманаевтың әрекетін қауіпті рецидив деп тану туралы шешім шығарды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелері де сотталды.

Балабеков Рустам кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның әрекеті де қауіпті рецидив деп танылып, жазаны өтеу орны ретінде ерекше қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі белгіленді.

Асматулаев Азизжан максималды қауіпсіздік режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Данияр Тәжібаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді. Джетенов максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Илья Таранов пен Олег Аква болса, максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Аладинов - максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Назим Мамедов максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін прокурор Серік Джаманаевты 19 жылға соттауды сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894251-almatyda-kylmys-serkesi-serik-golova-sottaldy/