Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір өңірінде коронавирустың өршуіне байланысты локдаун енгізіледі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді. Бұған облыстың коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қайтадан "қызыл" аймаққа енуі себеп деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері Павлодар облысында сауда орталықтары, базарлар, азық-түлік емес дүкендер мен бутиктер, спорт нысандары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді.

Қоғамдық көлік саны қарбалас уақытта артады, бірақ сенбі және жексенбі күндері автобустар мен шағын автобустар жүрмейді.

Сауда орталықтары мен дүкендерге жұмыс күндері сағат 22.00-ге дейін, жабық базарларға 19.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 9.00-ден 20.00-ге дейін қысқарады, алып кету мен жеткізуді 22.00-ге дейін жүзеге асыруға болады.

Ойын-сауық мекемелерінің қызметіне де тыйым салынады (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, басқа да мекемелер).

Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне рұқсат етілмейді.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтардың қызметіне (15 адамнан аспаған жағдайда) білім және ғылым министрлігінің №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беріледі.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1003 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 155-і Павлодар облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894317-elimizdi-tagy-bir-irinde-koronavirusty-rsuine-bajlanysty-lokdaun-engiziledi/

pixel