Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парацетамолда өлімге әкелетін вирустың бары рас па

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Желі оқырмандары P/500 таңбасы бар парацетамолды ішпеуге кеңес беруде. Олардың сөзінше, таблеткаларда өлімге әкелетін Мачупо вирусы бар екен. Алайда бұл 2011 жылдан бері көптеген тілде тарап жүрген бұрынғы фейк ақпарат деп жазады Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, ел тұрғындарының зәресін алған ақпаратты алғаш рет 2011 жылы Ангола тұрғындары ойлап тапқан.

Ол кезде бұл жаңалықтың жергілікті Ұлттық радиодан жалған екендігі айтылғанды белгілі болды. Кейіннен басқа тілдерге аударылған кезде де бұл сөйлем алынып тасталған.

Алайда миф көптеген елдерде кеңінен тарап үлгерген. Үндістан мен Англияда тараған хабарламада денесіне бөртпе шыққан ер мен әйелдің суреттері тіркелген.

Таблеткадағы вирус туралы хабарламалар бірнеше рет теріске шығарылған.

"Мачупо вирусын Боливияда мекендейтін тышқандар таратады. Бұл елден тыс жерлерде вирустың өршуі туралы хабарланбаған", - деп жазады сайт.

Дегенмен, желі қолданушылары фейкті таратуды жалғастырып жатыр. Бұл жалған ақпарат Қазақстанда алғаш рет 2017 жылы тіркелген.

Ол кезде "вирусы бар" таблеткалар туралы қауесетті денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бас сарапшысы Ғалымжан Мырзахметов да жоққа шығарған еді.

"Қазақстан Республикасында бұл ақпарат жалған деп санаймын. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне телефон арқылы да, жазбаша түрде де мұндай ақпарат түскен жоқ", – деген болатын министрлік өкілі.

Басылымның жазуынша қорыта айтқанда, парацетамолдың құрамында қауіпті вирус жоқ. Ал мұндай хабарламалар – басқа тілден аударылған және Қазақстанға қатысы жоқ бұрыннан келе жатқан фейк ақпарат.

Фото
Скриншот: Whatsapp

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894345-paracetamolda-limge-keletin-virusty-bary-ras-pa/

pixel