RU

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде наурыздан бастап пойыз билетінің қымбаттайтыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша теміржол билетінің құны 7 пайызға артады.

Компания бағаны өсіру туралы шешімін жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығымен түсіндірді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған екен.

Аталмыш вагондар Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының құрамында.

Сонымен қатар осы жылдың І тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіліп, Алматы-Маңғыстау, Қызылорда-Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының құрамында болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап кімдердің жалақысының өскенін хабарлаған болатынбыз. Олардың қатарында мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894362-nauryzdan-bastap-kazakstanda-pojyz-bileti-kymbattajdy/