jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қырғыз студенттері коронавирусқа байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус эпидемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Көптеген студент қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы қайтыс болған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Аргеннің Бішкекте университете оқып жүргеніне бір жарым жыл болды. Жылына 350 доллар төлейді. Бұл оның отбасы үшін аз ақша емес. Оның үстіне әкесі пневмониямен ауырып қалған. Отбасы мүшелері әкесінің еміне ақша табу үшін бәрі жұмыс іздеп кеткен.

Арген секілді студенттер Қырғызстанда өте көп. Олардың бәрі оқуын әрі қарай жалғастырғысы келеді деп жазады басылым.

Жоғары оқу орны басшылары үнімізге құлақ асып, келісімге келсе екен дейді. Бірақ олай болмаған. Сондықтан студенттер бірігіп, әлеуметтік желіден арнайы топ ашқан. Екі айдың ішінде оларға бес мыңнан астам студент қосылған.

Студенттер білім министріне талап қойып, қажет болса жаңадан сайланған президент Садыр Жапаровқа дейін барамыз деп отыр.

Қырғызстанның білім министрлігі олардың талаптарын тыңдаған. Бірақ олар көмектесе алмаймыз, тек оқу орны басшылығы өздері шешеді деген көрінеді.

Басылымның жазуынша, ал жоғары оқу орындарына студенттерің бұл әрекеттері ұнамаған. Көбін оқудан шығарамыз деп қорқытқан.

Бірақ студенттер бұл мәселені соңына дейін жеткізетіндерін айтқан.

Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде кейбір студенттерге ЖОО-ға барып оқуға рұқсат етілді. Оқу процесі аралас форматта ұйымдастырылады.

Қырғыз студенттері коронавирусқа байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.