Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектептегі "бомба" жайлы ақпарат елді дүрліктірді (видео)

Опубликовано:

жарылғыш зат1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына білім ордасында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түсті. Полиция 600-ден астам адамды эвакуациялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, барлық шұғыл қызмет дереу оқиға орнына барған.

Оқушыларды, оқытушылар құрамы мен өзге де қызметкерлер ді қауіпсіз жерге шығарған.

Барлығы 600-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы бөлімше саперлері ғимараттағы жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізген.

Алайда жарылғыш құрылғы табылмаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел іс-шараны жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында "мектеп жарылады" деп қоңырау шалып, бір ауылды дүрліктірген жасөспірім анықталған еді.

Белгілі болғандай Панфилов ауданының полиция бөліміне Аққұдық ауылындағы мектеп қызметкерлері қоңырау шалып, белгісіз біреудің телефон арқылы оқу орнының түнде жарылатыны туралы хабарлағанын айтқан.

Бірден оқиға орнына полиция қызметкерлері жиналып, жарылғыш затты табуға облыстық полиция департаментінің "Арлан" жасағының сапер тобы жұмылдырылған. Мектеп іші мен жақын маңы толығымен тексеріліп, алайда ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Нәтижесінде қоңырау шалушының жалған ақпарат бергені расталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894389-600-den-asa-adam-kauipsiz-zerge-sygaryldy-aktbede-mekteptegi-bomba-zajly-akparat-eldi-drliktirdi/

pixel