Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да бас санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев жаңа қаулыға қол қойып, өңірде шектеу шараларын күшейтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа қаулы 21 қаңтар сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Тиісті құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды, соның ішінде үйде басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі және сенбі мен жексенбі күндері (тамақ өнімдерін сатуға арналған дүкендерден, дәріханалардан, сұлулық салондарынан, шаштараздардан, кинотеатрлардан басқасы) қызметі тоқтатылады.

Одан бөлек, ауданы 500 м2-ден асатын азық-түлік емес дүкендердің (құрылыс дүкендерін қоспағанда) жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеліп, сенбі мен жексенбіде жабылады.

Қаулыда жабық киім базарларының, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жабық базарларының, жабық құрылыс базарларының жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектеп, сенбі мен жексенбіде қызметі тоқтатылатыны жазылған;

  • Фитнес, жаттығу залдардың (орталықтардың) жобалық қуатының 30 %-нен және алдын-ала жазылу бойынша (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес), 50 адамнан асырмай қызметі шектеледі және сенбі мен жексенбіде жұмысы тоқтатылады;ё
  • сенбі мен жексенбіде қызметін тоқтата отырып, бассейндердің жұмысы шектеледі (жекелеген форматта, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. су бетіне негізделген, сыйымдылығы 50 адамнан аспайды);
  • спорт ғимараттары дүйсенбі-жұма аралығында жобалық қуатының 30 %-нен және 50 адамнан аспай (5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін) жұмыс істейді, бірақ сенбі мен жексенбіде жұмысын тоқтатады;
  • қоғамдық моншалар, сауналардың жұмыс режимі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, сыйымдылығын 50 %-тен және 50 адамнан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат, алайда сауналар сенбі-жексенбі күні жабылады;
  • қоғамдық көлік қызметін сағат 6.30-дан 22.00-ге дейін шектеледі, сенбі мен жексенбіде (елді мекендер ішінде, оның ішінде қала маңы маршруттары) жұмысын тоқтатады; 10) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі, жексенбі күні қызметі тоқталады, дайын тамақты жексенбіден басқа күндері сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін жеткізуге рұқсат.

Тиісті құжаттың толық нұсқасын сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894401-sko-da-bas-sanitar-drigerdi-kaulysyna-zgerister-engizildi/

pixel