Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысының жерлеу рәсіміне қатысқан 16 адам коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Жерлеу
Көрнекі фото: Depositphotos / Syda Productions

Мексиканың Тултепек қаласында тұратын ер адам жерлеуге қатысқан 16 бірдей туысынан айырылып қалды. Олардың бәрі коронавирус дертінен көз жұмған деп хабарлайды РИА Новости.

Тултепек қаласының тұрғыны Хосе Мартин Чавес Энрикес 2020 жылы оның алыс туысы COVID-19-дан қайтыс болғанын, содан кейін отбасы мүшелері марқұмның жерлеуіне барғанын есіне алды.

Жерлеуге келгендердің көбі коронавирус жұқтырып алған. Салдарынан Хосе Мартин өткен жұмада анасы мен атасынан айрылып қалғанын айтуда. Олар емханада дертті еңсере алмай, көз жұмыпты.

Сонымен қатар оның ағалары, әпкелері мен өзге де жақын туыстары коронавирустан көп ұзамай қайтыс болған екен. Бүгінде Хосе бір емес, 16 бірдей жақын туысынан айырылып отыр.

"Менде жылауға да уақытым болмады, мен бір орында қатып қалғандай күйде болдым. Вирус менің отбасымды жермен-жексен етті, отбасымның барлығын дерлік алып кетті. Олар ауырып, бірінен соң бірі өліп жатты", - дейді Хосе Мартин.

Ол әкесінің әлі COVID-19 ауруынан айыға алмай жатқанын, ал әпкесі жазылып кеткенін айтуда.

Ер адам "барлық адамдар өздеріне және жақындарына қамқорлық жасап, аурудан қорғанудың қаншалықты маңызды екенін" білгенін қалайды.

Сол себепті, ол бұл қайғылы жағдай туралы көпшілікке бұқаралық ақапарат құралдары арқылы айтып беруді жөн санаған екен.

Хосе көпшіліктен өздері жасаған қателікті қайталамауға кеңес беруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894481-markmny-zerleuine-katyskan-16-tuysy-koronavirustan-kajtys-bolyp-ketti/

pixel