Қар, жаяу бұрқасын мен көктайғақ: Елімізде дауылды ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Синоптиктер Қазақстанның 10 өңірінде сәрсенбі күнге дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК мемлекеттік метеорологиялық қызметінің ресми сайты.
20 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп болжануда.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында 20 қаңтарда көктайғақ болуы ықтимал.
Нұр-Сұлтан қаласында 20 қаңтар күні таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр болмақ.
Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетпек.
Көкшетау қаласында 20 қаңтар күні таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, тұман болып, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады деп күтілуде, екпіні секундына 15 метрге жетпек.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
20 қаңтар күні күндіз Павлодар облысында қар, кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болуы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Орал қаласында 20 қаңтар тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Солтүстік-Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.
Петропавл қаласында 20 қаңтар күні күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанда қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894622-kar-zaau-brkasyn-men-kktajgak-elimizde-dauyldy-eskertu-zarialandy/