Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлетін жағдайда емеспіз": Бас санитар дәрігер СҚО-дағы локдаун туралы сөз етті

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев онлайн-брифинг барысында СҚО-да демалыс күндеріне локдаун енгізілуге қатысты пікір білдірді деп хабарлайlы KAZ.NUR.KZ порталының тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енген. 21 қаңтардан бастап мұнда карантиндік шаралар күшейтіледі. Демалыс күндері сауда орталықтары жабылып, қоғамдық көліктер тоқтайды.

Кей тұрғындар қойылған шектеулерге реніштерін білдіруде. Бұл мәселе бойынша Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев пікір білдірді.

Оның айтуынша, облыста COVID-19-қа қатысты жағдай нашарлап барады. Өңірде дертті жұқтырған адамдар көп. Желтоқсанда бұл көрсеткіш 50% -дан аспаса, қазір 67% -дан асып кеткен. Бас дәрігер қосымша шектеулер көпшілік арасында түсінбеушілік туғызғанын жасырмады.

"Көптеген адамдар "вирус демалыс күндері ғана өршиді ме" деп сұрайды. Жоқ, вирус әдеттегідей таралады, алайда тіпті осы екі күн бізге адамдармен байланысты азайту арқылы коронавирустың бетін қайтаруға, оны бақылауға алуға көмектеседі. Осыны түсініп, біздер күлетін күйде еместігімізді біліңіз. Біз адамдарда пневмонияның қалай тез асқынып жатқанын, коронавирустық инфекциядан қалай өлімге душар болып жатқанын көріп отырмыз. Бұл ауруға тап болғандар біздің не айтып отырғанымызды түсінеді", - деді Әсет Жұматаев.

Ол бұл шаралардың тиімді екеніне баса назар аударды. Мамандар эпидемиологиялық жағдайды үнемі қадағалап отырады. Аймақтық санитариялық дәрігерлер басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, әріптестерімен кеңеседі. Департамент басшысының айтуынша, шаралар жайдан-жай қабылданбайды, олар статистикалық мәліметтерге негізделген.

"Біздің қызметіміз не істеу керек болса, соны істеп жатыр. Біз халыққа ұнай қоймайтын шаралар қайта қолданылып, қолайсыздықтар тудырып отырғанын түсінеміз, бірақ одан басқа жол жоқ", - деп түсіндірді бөлім басшысы.

Аймақтың бас санитариялық дәрігері коронавирусқа еркіндік берілсе, "шілде сценарийі" қайталануы мүмкін екенін, ал мұндай жағдайды ешкім қаламайтынын алға тартты.

"Вакцинация ақпан айында басталады, бұл айтарлықтай көмектеседі, бірақ әзірге біз шектеу шараларын қолдауға мәжбүрміз", - деді Әсет Жұматаев.

Спикер атап өткендей, эпидемиологиялық зерттеулер науқастардың дені адам көп жиналатын нысандарда - сауда үйлерінде, базарларда болғанын және автобустарға отырғанын көрсеткен.

"Осыған байланысты қоғамдық көліктердің жүруін тоқтата отырып, демалыс күндері локдаун жариялау туралы шешім қабылданды. Біз эпидемиологиялық жағдайды қарастырамыз. Уақыт өте шектеулерді алып тастауымыз мүмкін", - деді департамент басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894670-kletin-kjde-emespiz-bas-sanitarialyk-driger-sko-dagy-lokdaun-turaly-sz-etti/

pixel