RU

Матадан жасалған маскалар жаңа штамға қарсы тиімсіз болуы мүмкін

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Матадан жасалған маскалар коронавирустың жаңа штамына қарсы тиімсіз болуы мүмкін деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран мәлімдеді. Ол вирустан ең жақсы арнайы медиццианалық маскалар қорғайтынын ерекше атап кетті.

Айта кетер жайт, бүгінде Францияда барлық қоғамдық орындарда бетперде тағу міндеттелген.  

"Медициналық маскалар өз тиімділігін дәлелдеді. Олар өкпеге түсетін ауаның 90 процентін фильтрлейді. Осылай вирустардың адам ағзасына енуіне жол бермейді. Ал үйде матадан жасалған бетперделерге ондай сенім жоқ",- деді Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.

Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпе медицина қызметкерлерінен бастап салынады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты. Оның сөзінше, өңірде пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Осыған байланысты аймақта 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек.

Осыған байланысты аймақта 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Пашимов қазіргі уақытта облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылғанын жеткізді. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі - 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі - 13%-ды құрап отыр, дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894680-matadan-zasalgan-maskalar-zaa-stamga-karsy-tiimsiz-boluy-mmkin/