Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда полицейді үш метрлік бөренемен ұрған ер адам сот алдында жауап берді

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда үйінің ауласынан итін өлі күйде тапқан ер адам ашуға булығып, бұған ветеринарларды кіналаған. Мамандар шақырту орнына өздерімен бірге учаскелік полицейді де ала барыпты. Алайда тәртіп сақшысы да ер адамның қаһарына ұшыраған деп жазады KAZ.NUR.KZ Павлодар қалалық №2 сотының үкіміне сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылдың ақпан айында болған. Павлодар тұрғыны кешкі уақытта үйінің ауласынан итін өлі күйде тауып алып, оның уланғанын бірден түсінген. Ол ветеринарларға хабарласып, жанжал шығарған.

Ветеринарлар ер адамның іс-әрекетін ескеріп, өздерімен бірге полиция қызметкерін ертіп, шақырту орнына барған.

Мамандар келген бетте ашуға булыққан павлодарлық оларды балағаттап, полицейге де тіл тигізген.

Ер адам мұнымен тоқтамай, үшметрлік бөренені алып, полиция ызметкерінің кеудесінен ұрған. Соққының ауырлығы соншалықты ағаштың өзі сынып кеткен.

Құқық қорғау органдарының қызметкеріне күш көрсетіп, балағаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Учаскелік инспектор өзінің түсініктемесінде ветеринарларға қаңғыған иттерді улау туралы өтініш айтқанын көрсеткен. Айтуынша, жергілікті тұрғындардан үнемі шағым түсетін көрінеді. Сонымен біре айыпталушы да өз айыбын толығымен мойындаған.

Сот үкімімен ер адамға алты ай бостандығын шектеу жазасы, сондай-ақ 50 сағаттық мәжбүрлі жұмыс тағайындалған.

Еске сала кетсек, Павлодар қаласында бөтен біреудің көлігін заңсыз айдап әкеткен азамат ұсталғанын хабарлаған едік.

Тәртіп сақшылары көлік ұрлаған бұрын сотталған ер адамды қолға түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894689-pavlodarda-policejdi-s-metrlik-brenemen-rgan-er-adam-sot-aldynda-zauap-berdi/

pixel