Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай: Иілген сайын басыңа шығып, аяғын салбыратып отырып алады

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай желіде азулы жазба жариялап, өзгенің құрметі мен сыйластығын өз пайдасына қолданатындар жайлы өз ойын айтты. Ақпарат өкілі оларға иілген сайын білгенін істейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай сыйластықтың не екенін білмейтін әрі өзге жанды ақымақ қылуға құмар адамдарға бір емес, бірнеше рет тап болғанын айтты. Оның сөзінше, соңғы кезде қоғамда біреуді сорлы санауды сүйікті ісі етіп алғандар өте көп.

"Құның қанша? Басыңа тышқыштар және лохтар жайлы. Бағаң қандай? Иә, сен өзіңнің бағаңды білесің бе? Баға деп отырғаным тура мағынадағы сан емес өзіңе деген өзіңнің бағаң. Егер бұл сұраққа жауап беруге қиналсаң онда саған біраз ойлану керек. Өз бағаңды өзің білмесең, өзіңді өзің бағалай алмасаң оны өзгеден күтпей-ақ қой. Өзіңді өзің сыйламасаң өзге үшін құның көк тиын. Оңтүстіктен болғандықтан біз көп жағдайда әуелі өзіміздің емес өзгенің көңіліне қарап, жалтақтап тұрамыз. Бұл біріншіден сый-құрметтің белгісі, екіншіден бала кезден санаға сіңіп кеткен тәрбие сондай.

Студент болып Алматыға келгенде де, кейін қызмет бабымен Елордаға ауысқанда үлкен орталарға тап болғанда, әртүрлі адамдармен араласа келе әлгі ілтипаттың әр жерде әртүрлі қабылданатынын ұқтым. Сен қасыңдағы адамның көңіліне қарап, соған жағдай жасап, өзіңнің қалауыңды артқа ысырып тастап, қасыңдағы адамның тілегіне икемделесің. Оны бір емес бірнеше рет қайталайсың. Бірақ оны жұрттың бәрі түсіне бермейді немесе басқаша қабылдайды. Кейбіреулер бар, иілген сайын басыңа шығып, аяғын салбыратып отырып алады. Жәй ғана отырса мейлі ғой, қалаған жерде, қалаған уақытта кіші дәрет, кейде үлкен дәрет сындыра салады. Сүртпейді де. Өзі сүртіп алар дейді де кете береді.

Әрине ешкім лох болғысы келмейді. Бірақ біреуді лох қылу, сорлы санау көп адамның сүйікті ісі. Сізге деп көрсетілген ізет пен ілтипат шынайы құрмет пен сыйластықтан еді. Кешіріңіз, сіздің қиялыңыздағы лох бола алмайды екем деп тұспалдасаң бітті. Сол сәттен бастап сен ол адам үшін дүниедегі ең нашар адамсың. Солай. Мұндай жағдайға өмірде бір емес бірнеше рет куә болып жүрміз. Кейде менен басқа неме жоқ деп, мұрнын аспанға көтеріп сөйлейтіндерді көргенде құның қанша, "кәмпит алып жеші" дегің келіп кетеді" , - деп жазды Асхат Садырбай Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894693-ashat-sadyrbaj-iilgen-sajyn-basya-sygyp-aagyn-salbyratyp-otyryp-alady/

pixel