Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ережелер кабинет "шарлап жүр": Депутат зейнетақы жинағынан ақша алу үдерісін тездетуді сұрады

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Палатаның пленарлық отырысында мәжіліс депутаты үкіметтен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды жеделдетуді және оларды 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін қолданысқа енгізуді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аманжан Жамалов 2020 жылғы қыркүйекте президент Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтар 2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға пайдалана алатындығын мәлімдегенін еске салды.

2021 жылы 2 қаңтарында тиісті заңға қол қойылған болатын. Құжатта азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және емделуге пайдалану құқығы бекітілген.

"Ол әлдеқашан өз күшіне енген. Алайда үкімет өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін әлі қабылдаған жоқ. 761 мың азамат осы ережелерді күтуде, олардың көпшілігі қазірдің өзінде баспанасын таңдап қойған, ал бұл ережелер келісіп-бекітілуі үшін әлі де түрлі кабинеттерді "шарлап" жүр", - деді депутат.

Оның үстіне, депутаттың айтуынша, ереже жобасының көптеген тұстары азаматтардың наразылығын тудыруда. Мәселен, тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу болатыны көпшілікті қуанта қоймаған екен. Мұнда басқа облысқа, қалаға көшу, өмір сүру жағдайларын одан әрі жақсарту секілді азаматтардың әдеттегі өмірлік жағдайлары ескерілмейді деп санайды халық қалаулысы.

Сондай-ақ, қазақстандықтар үлестік қатысу шарттары бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ үйлерін жөндеуге мүмкіндік беру қажеттігін сұрауда.

"Мемлекет басшысы осы жылдың 15 қаңтарында 7-ші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің бірінші сессиясында отандық зейнетақы жүйесі әділ, тұрақты және адамдардың мүдделеріне сай болуы керек деп атап өткен болатын. Азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру және олардың зейнетақы қорларын пайдалану жөніндегі заңды құқықтарын шектемеу керектігіне баса назар аударғым келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын және ел азаматтарының үміттерін ескере отырып, сізден зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы қажетті нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды және оларды 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін қолданысқа енгізуді сұраймын", - деп түйіндеді Жамалов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894706-erezeler-kabinetterdi-sarlap-zr-deputat-zejnetaky-zinagynan-aksa-alu-derisin-tezdetudi-srady/

pixel