Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір аптада 54 адам коронавирустың құрбаны болды

Опубликовано:

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Қазақстанда кейінгі бір аптада коронавирус инфекциясынан тағы 54 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

11 қаңтар мен 17 қаңтар арасында:

  • Алматы қаласында – 9;
  • Батыс Қазақстан облысында – 8;
  • Алматы облысында – 7;
  • Павлодар облысында – 6;
  • Шымкент қаласында – 5;
  • Ақтөбе облысында – 4;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 4;
  • Атырау облысында – 3;
  • Қарағанды облысында – 3;
  • Ақмола облысында – 2;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1;
  • Маңғыстау облысында – 1;
  • Түркістан облысында – 1 адам коронавирустан көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 20 қаңтардағы ақпарат бойынша Қазақстанда пандемия басталғалы 171 232 адам инфекция жұқтырып, 2431 адам қайтыс болған.

Бірінші тамыздан бастап 46 984 адам пневмонияға шалдығып, 545 адам көз жұмды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны күрт өскені туралы хабарлаған едік.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1134 адам тіркелгені белгілі болды.

Сонымен қатар, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған болатын. Кездесу барысында үкімет басшысы Қазақстан президентіне елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуалдың бақылауда екенін жеткізді.

Премьер-министр президентке коронавиурсқа қарсы вакциналар жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өткізіліп жатыр. Оның алдын ала тиімділігі 96 пайызды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894718-kazakstanda-bir-aptada-54-adam-koronavirusty-krbany-boldy/

pixel