Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда 25 жастағы келіншек төртемді дүниеге әкелді

Опубликовано:

Төртем дүниеге келді
Фото: Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы

Ақтауда 25 жастағы келіншек бірден төрт баланы өмірге әкелді. Ана мен бала орталығының ұжымы нәрестелер мен жас ананы сән-салтанатымен үйіне шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15-ші желтоқсанында төртемді дүниеге әкелген.

Жүктілігі ауыр өткен әйелді дәрігерлер 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған.

Дүниеге 1 ұл бала мен 3 қыз бала келген. Осылайша, 25 жастағы келіншек бірден көпбалалы ана атанған. Сәбилер отбасының алғашқы балалары екен.

"Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды білдіремін", - дейді Самира Гасанова.

Төртем дүниеге келді
Фото: Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы

Төртемдердің бірі 1 келі 390 гр болса, ең кішісінің салмағы 1 келі 190 гр болып туған. Шақалақтар күш жинағанша 36 күн бойы перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында болыпты.

Нәрестелерге Расул, Фанара, Айла мен Нарин есімдері берілген.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта анасының да, балаларының да денсаулығы жақсы.

"Былтыр біздің орталықта 8610 бала өмірге келді. Оның ішінде 2 үшем мен 147 егіз дүниеге келді", - дейді Маңғыстау облыстық Ана перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетова.

Еске сала кетсек, бұған дейін 23 жасында алты баланың анасы атанған түркістандық келіншек жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894750-aktauda-25-zastagy-kelinsek-birden-trt-nresteni-mirge-keldi/

pixel