Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімді жиып үлгермедім": Түнгі клубта танысқан қызды үйіне ерте келген жігіт оңбай алданып қалды

Опубликовано:

Марат
Жәбірленуші. Кадр: "Астана" телеарнасынан

Орал тұрғынын түнгі клубта танысқан ару сыбайластарымен бірге өлімші етіп сабап, бір миллион теңгеге "отырғызып" кеткен деп хабарлайды Астана арнасы.

Белгілі болғандай, клубта жігітпен танысқан бойжеткен екі сыбайласымен бірге оралдық азаматты тонап кеткен. Олар жігітті аяусыз соққыға жығып, үйдегі бағалы заттардың бәрін алып кеткен.

Телеарнаның хабарлауынша, арудың арбауына түскен сері шынайы есімін жасырын қалдырып, болған жайтты айтып беруге келіскен. Бет-әлпетін көрсеткісі келмеген азамат өзін Маратпын деп таныстырған.

Ол атыраулық бойжеткенмен Оралдағы түнгі клубта танысқанын есіне алды. Көңілі жарасқан соң екеуі жігіттің үйіне барған. Алайда қыз Мараттың пәтеріне жалғыз келмей, екі сыбайласын ерте келген. Сыбайластарымен біріккен бойжеткен Маратты әбден тонаған.

"Үйге барайық" деп өзі айтты. Үйде шешінуге карта ойнадық. Сол кезде біреу телефон соғып алданып қалдым. Ал ол екі сыбайласын кіргізіп үлгеріпті. Дәретханадан шыққан бетте соққыға жығылдым. Есімді жиып үлгермедім.

Біреуі қылғындырып, екіншісі саныма пышақ сұқты. Телефоным мен банк карталарын сұрап, ақша талап етті. "Бәрін де алыңдар!", - деп уақыт созуға тырыстым. Әйтпесе аямайтын еді. Екеуі мені осылай азаптап жатқанда әлгі "қызым" үйді аралап, бүкіл бағалы затты жинап алды", - дейді Марат.

Абырой болғанда, Марат қарақшылар үйді тонап жатқанда ваннаға тығылып, есікті ішінен жауып үлгерген. Үш ұры сол сәтте ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары оларды Атырауда ұстаған.

"Шығын көлемі 1 миллион теңгеге жетеді. Үйдегі ноутбук, алтын әшекей сияқты бағалы заттарды қолды қылған. Біз күдікті қыздың есімін ғана білдік. Дегенмен қылмыс ізі суымай ашылды. Олар, Атыраудағы жалдамалы пәтерден табылды", - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысуы болуы мүмкін. Былтыр бір ғана Батыс Қазақстан облысында осыған ұқсас 151 дерек тіркелген екен.

Тергеу жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе, қарақшылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894859-tngi-klubta-tanyskan-aru-oraldyk-zigitin-limsi-etip-sabap-jin-tonap-ketken/

pixel