Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айыпталушылар тізімін оқуға 3 сағат кетті": Италияда әйгілі мафия сот алдына келді (видео)

Жарияланған күні:

Таразы
Көрнекі фото: pixabay.com

Италияда ең ірі мафия топтарының бірі саналатын "Ндрангетаға" қатысты іс сотта қаралып жатыр. Қарақшылар "отбасында" 350-ге жуық адам болған.

Sputnik Қазақстан таратқан ақпарға сәйкес, бұл соңғы 30 жылдағы ең ірі сот процесі болып табылады.

Процесс басталғаны сол еді судья күдіктілер тізімін оқудан жалығып үлгерген. Топ құрамындағы адамдардың аты-жөнін оқып шығуға 3 сағатқа жуық уақыт кеткен.

Жалпы саны 350-ге жуық адам айыпталушылар қатарынан табылды. Олардың арасында саясаткерлер мен белді бизнесмендер бар.

Іс фигуранттары 90-жылдардан бері бірнеше қылмыс жасаған деп айыпталып отыр. Оларға"ақшаны жылыстау ", "ескірткіні айналымға заңсыз шығару", "кісі өлтіру" секілді айыптар тағылған.

Сонымен қатар "Ндрангета" өзінің ауқымы мен ықпалы жағынан сицилиялық "Коза нострадан" асып түскен.

Себебі мұндай ауқымды сот процесі соңғы рет 1986-1987 жылдары Италияда өткен, алайда ол кезде "Коза ностраның" 338 мүшесі сот алдына келген.

"Коза ностраның" бірнеше заңдылықтары болғанын айта кеткен жөн, оған қоса кез келген мафиялық топ осы ережелерді сақтауға міндетті болған.

Кейбір заңдылықтар:

  • Егер қаруыңды қолдануға әзір болмасаң, онда оны алып шықпа
  • Егер өзге бандалардың мүшелері дос не бейтарап болса, оларды өлтірме
  • Дәлелді себепсіз кісі өлтірме
  • Егер жау бизнеске кедергі келтірмесе, жеке себептермен кісі өлтіруден аулақ бол
  • Иерархия бойынша жоғары тұрғанға бұлжытпай мойынсұн

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894894-ajyptalusylar-tizimin-okuga-3-sagat-ketti-italiada-jgili-mafia-sot-aldyna-keldi-video/