Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарыз алуға болмайды": Нумерологтар 21.01.21 датасы туралы не дейді

Опубликовано:

ФОто
Көрнекі фото: pexels.com

21 ғасырдың 21 жылы және жаңа жылдың алғашқы 21-күнін (0,1,2 сандарының қосындысынан құралған күнді) арнайы мамандар ғана емес, қарапайым адамдар да ерекше қабылдап жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде жас жұбайлар осы датаға сәйкес некесін заңдастырып жатыр. Осы орайда нумерологтартың пікірін Azattyq Rýhy сұрап білді.

"Бүгін үш санның қосындысы, бәрін қосқанда 9 болып шығады. 9 бір нәрсенің аяқталатын күні. Ол қарым-қатынас болсын, осы күнге дейін жүзеге асып келе жатқан қандай да бір жоба болсын, аяқталып, жаңа іске қадам басатын күн. Кез келген күн санына қарай әртүрлі энергияда болады және әр санның өз программасы бар. Бүгін адамазаттың ойлаған арманы, қойған мақсаты оңай орындалатын магиялық күн. 21.01.2021 күніндегі "0" –  ол шексіздік саны. Яғни, мүмкіндіктердің күні», - деді нумеролог Гүлбадан Зарлыққызы.

Оның сөзінше, "1" – жаңашылдық, бұл санның минусы – эгоизм. "Менде ғана болсын" деген менмендік бар.

"2" – ай (moon), эмоцияға, энергияға жауап береді. "2" - қарым-қатынастың нышаны, тепе-теңдіктің белгісі. Бүгін неке қидыруға өте сәтті күн, дейді маман.

Сонымен қатар, Гүлбадан "2" санының икемділігі "1" эгоизмі мен эмоциясын реттеп отыратынын сөз етті.

Одан бөлек жаңа жобалар үшін келісім жасауға қолайлы күн. Тек қана келісім жасасқан дұрыс, сауда жасаудың қажеті жоқ.

"Бұл күні қарыз алуға және қарыз беруге болмайды. Бірақ күтпеген жерден сыйақы түсіп, қарызыңыз қайтып, өзіңіз күтпеген тосынсыйлар болуы ғажап емес", - деді маман.

Ал нумеролог Мадина Мұхамеди болса бұл күннің (21.01.21) серіктестік, командалық жұмыс үшін сәтті күн екенін алға тартты.

"Қызыққа толы күн. Бұл күні адамдар қызметте болсын, басқа жобада болсын, тек өзіне сенім артуы керек. Серіктестік, командалық жұмыс үшін сәтті күн. Кез келген дәрумен ағзаңызға жақсы сіңіп, зор пайдасын тигізеді. Қандай да бір маңызды істе шешім қабылдайтын болсаңыз, жасы үлкендердің немесе сол салада тәжірибесі бар сарапшылардың кеңесіне құлақ асқан абзал. Жұмыста қандай да бір мақтау немесе ескерту естуіңіз ғажап емес.

Неге десеңіз, бүгін сіздің осы күнге дейінгі жұмысыңызға баға беріледі. Бұл күн қарбаласқа толы, осы қарбаласта өзіңізді шаршатпас үшін алдын-ала атқаратын істердің тізімін жазып алыңыз. Жоспарыңыздың басына өзіңіз үшін ең маңызды істі алға қойып, соны атқаруға күш жұмсаңыз. Бүгін адамдар стандарт емес дүниелерді қалауы мүмкін. Мұндай көңіл-күйдегі жандарға кітап оқуға, жаңа курс бастауға болады.

Сондай-ақ, бүгін эмоцияға сараң болмай, өз сезіміңізді ашық айтып, бүкпесіз білдіруге болады. Біреу сізден қандай да бір ақыл-кеңес сұрап келсе, мүмкіндігінше білгеніңізбен бөлісіңіз. Инттелектуалды сараңдықтан аулақ болсаңыз, қайтарымы да көңіл толарлықтай болмақ", - дейді Мадина. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894919-karyz-aluga-bolmajdy-numerologtar-210121-datasy-turaly-ne-dejdi/

pixel