jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда екі айлық нәресте инсульт алды

Фото
Көрнекі фото: Pexels.com

Ақтауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарып қалды. Ақ халаттылар сәбиге арнайы ота жасаған. Қазіргі таңда баланың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

9 қаңтарда бала Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. "Лада" басылымының мәліметінше, оған "мидағы қан айналымының өткір бұзылысы" (жаңа туған балалар инсульті) диагнозы қойылды.

Екі айлық балада бас миының қабынуы, дислокациялық синдром және І-ІІ деңгейдегі кома тіркелді. 

Сәбидің жағдайын ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң тұрақтандыру мүмкін болды. Оған екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы жасалды.

Балалар нейрохирургі Ербол Кенжеваловтың айтуынша, мұндай жағдайда баланы аман алып қалу сирек болады. Осы жолы нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

Қазір ол травматология бөліміне ауыстырылды. Медицина қызметкерлері оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Ақтауда екі айлық нәресте инсульт алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.