jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында алып айсберг пайда болды (фото)

Фото
Фото: Түркістан басылымы

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында алып "айсберг" пайда болды деп хабарлайды Түркістан басылымы.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындардан бөлек басқа өңірлерден де туристер келе бастаған.

Олар әлеуметтік желілерде айсбергтің суретін бөлісуде. Кеген ауданының азаматтарының сөзінше, таңғажайып көрініс осы жылы қыста ғана осындай әдемі қалыпқа түскен.

Ал аталған аумақта туып өскен әнші Жігер Ауыпбаев айсберг туралы айтып берді.

"Бұл негізі жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы. Жазда айналасы жайқалып тұрады. Ал қыс мезгілі келісімен жаңа жылдың қарсаңына қарай бойын 14 метрге дейін көтеріп, мұз болып қатып, суретке түсуге дайын болады. Кейде достарымызбен жаңа жылды осы Айсбергке келіп қарсы алатынбыз. Бұл менің Кегенімнің көркем жерлерінің бір бөлшегі. Қонақ болып келіңіздер", – деді Жігер Ауыпбаев.

Оның сөзінше, бұл жердің ерекшелігі – судың буланған күйі биікке көтеріледі, осының арқасында "айсберг" түтін шыққан мұзды жанартауға ұқсайды. Бұл көрініс таңғалдырмай қоймайды, себебі жанартаудан отты лава атқылағанын көріп үйренгендерге, суық мұзды көру мүлде жаңа дүние.

Фото
Фото: Түркістан басылымы

Алматы облысында алып айсберг пайда болды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.