Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір мұндайға рұқсат жоқ": Ләйлә Сұлтанқызы 20 жыл бұрынғы фотосын көрсетті

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы мен Асылбек Еңсепов
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осыдан 20 жыл бұрын Асылбек Еңсеповпен түскен фотосын жариялап, елді таңғалдырды. Кейбір желі қолданушылары ақпарат өкілін танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ

Ләйлі Сұлтанқызы мұрағаттағы суретін ел назарына паш етіп, 20 жыл бұрын өзі қандай болғанын көрсетті. Тележүргізуші Instagram парақшасында бөліскен фотода оның қасында белгілі күйші Асылбек Еңсеповтың тұрғанын көруге болады.

Алайда, ақпарат өкілі бұрынғыдай суретке түсуге қазіргі кезде рұқсат жоқ екенін айтып қалды. Сұлтанқызының оқырмандары бұл тыйымға жолдасының қатысы болуы мүмкін деп топшылауда.

"Асылбек Еңсепов түнде хабарламамен жіберіп, "менің жылдарым, менің байлығым" деп жазып қойыпты. "Не болды қартайып" дедім ғой,әрине ішімнен. Қазір бұлай суретке түсуге рұқсат жоқ әрине, ол кезде бәрі дос, әріптес, бауыр, інішек болып араласатынбыз. Жаңа қазақша поп,рок,рэптің пайда болып келе жатқан кезі. 90-ң соңы 2000 басы қателеспесем, әлі тұрмыста емес кезім.
Шахар радиосында DJ, журналистпін. Асылбектің әкесі марқұм Жасарал аға тірі, баласы екеуі Дэкко стилінде мықты мықты туындылар жазып жүрген кезі. "Детство", "Хафиз", "Нұршашу" эфирден күніне бірнеше рет қойылатын. Сапалы клип дегенді де Асылбектен көрдік қой. Асылбек қаншама шетелде альбом шығарып, АҚШ та ұзақ жылдар тұрып келгенін көпшілік біле бермес" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894946-kazir-mndajga-rksat-zok-ljl-sltankyzy-20-zyl-bryngy-fotosymen-blisti/