Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жедел жәрдем көлігі басы жарылған 14 жасар баланы көшеде тастап кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде жақында ұлымен болған оқиға туралы айтты. 14 жастағы жасөспірім жарақат алған, бірақ жедел жәрдем фельдшерінің әрекеті салдарынан бозбала аурухана алдында қалған.

Қала тұрғыны бұл оқиғаны өзінің Facebook парақшасында сипаттады.

Жазбадағы сипатқа сәйкес, 2021 жылы 16 қаңтарда таңертең оның 14 жастағы ұлы мен оның досы Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында мұз айдынында коньки теуіп жүреді. Белгілі бір сәтте ол құлап, бастың самай бөлігінен жарақат алған. Баланың басынан қан аға бастайды. Жақын жерде тұрған адамдар тұруға көмектесіп, жақын маңдағы мейрамханаға алып барады, содан кейін олар жедел жәрдем шақырған.

Анасы ұлының соққыдан есін жартылай жоғалтқанын және кеңістікті сезіне алмайтынын түсіндіреді. Көп ұзамай жедел жәрдем дәрігерлері келген, алматылық әйелдің айтуы бойынша сол сәттен бастап проблема басталды. Жәбірленушінің досының айтуынша, фельдшер балаларды жалған қоңырау шалғаны үшін айыппұл төлейсіңдер деп қорқытқан.

"Баланың үсті-басы қанға боялғанымен, тіпті киім ауыстыруға мәжбүр болған. Басы жарылғанын көрмеу мүмкін емес еді. Неге екені белгісіз, үлкендердің ешқайсысы ата-анасына қоңырау шалмады, біреуі шок пен ауырсынудан есі кеткенін, екіншісі қорқып, абдырап қалғанын айтты. Балалар өздерінің 14 жаста екенін жасырмаған", – деп шағымданды пост авторы.

Әйелдің айтуынша, жедел жәрдем оларды алып кеткен, бірақ белгісіз себептермен олар балалар ауруханасына емес, ересектерге арналған 12-ші қалалық ауруханаға жеткізілген. Жасөспірім осыдан кейін не болғанын еміс-еміс есіне алған, бірақ соңында досы екеуі аурухананың ауласында қалыпты.

Екінші жасөспірімнің сөзіне қарағанда, олар ауруханаға 15 жаста болмағандықтан қабылданбаған, ал фельдшер балалар ауруханасына өз бетімен бару керектігін айтқан.

Төменде ол алтыншы жедел жәрдем станциясының фельдшерінің үстінен полицияға арыз жазғанын мәлімдеді.

NUR.KZ тілшісі Алматыдағы Жедел медициналық жәрдем қызметі баспасөз қызметінен түсініктеме беруін сұрады.

"Аталған факт бойынша құжаттар мен барлық деректер жинақталды. Бүгін фельдшерге қатысты тәртіптік кеңес өтті. Фельдшер 2 жыл көлемінде жұмыс істеп келеді. Мінезі сабырлы, жұмысында еш ескерту болмаған. Ол өз қателігін мойындады. Комиссия шешімімен тәртіптік жаза қолданылды", – деп хабарлады ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894962-almatyda-zedel-zrdem-kligi-basy-zarylgan-14-zasar-balany-ksede-tastap-ketti/

pixel