Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбат иіс су, iPhone, шоколад: Қазақстандық шенеуніктерге қандай сыйлықтар беріледі

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: pexels.com

Өткен жылы қазақстандық шенеуніктер мемлекет пайдасына 245 сыйлық тапсырды. Олардың ішіндегі ең қымбаты iPhone 12 Pro телефоны болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, аталған сыйлықтардың 18 данасы 159 937 теңгеге сатылған. Бағалау құны 967 971 теңгені құрайтын 30 бірлік мемлекеттік заңды тұлғалардың меншігіне бекітілген. Ал 12 сыйлық түрлі себептерге байланысты жойылған. 

"2020 жылы тіркелген ең қымбат сыйлық - бұл iPhone 12 Pro смартфоны (2020 жылдың желтоқсанында есепке алынды). Ол 617 991 теңгеге бағаланды. Ең арзаны - ақ түсті пластикалық гүлдер және Dream шоколады. Олардың бағалау құны - 800 теңге", - деп көрсетілген хабарламада.

Мемлекетке тапсырылған сыйлықтардың арасында қымбат брендті шетелдік тауарлар да бар болып шықты.

"Сыйлықтарды сату кезінде Tom Ford Lost Cherry иіссуы аукцион арқылы 59 467 теңгеге (бағалау құны 118 934 теңге), яғни ең жоғары сомаға сатылды. Аталған заттардың ең арзаны - пластикалық ақ гүлдер мен Dream шоколады 205 теңгеге (бағалау құны 800 теңге) саудаланған", - деп мәлімдеді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметкерлер лауазымына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қызметтік жағдайында немесе ресми іс-шаралар барысында алған сыйлығын 7 күн ішінде мемлекетке тапсыруға міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895004-kymbat-iis-su-iphone-sokolad-kazakstandyk-seneunikterge-kandaj-syjlyktar-beriledi/

pixel