RU

Алматыда көлік айнасын ұрлайтындардың бірі ұсталды

көлік ұрлау1
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда автокөліктің айнасын үптеп кетуді кәсіп еткен 35 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды Астана арнасы.

Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін дәл осы қылмыспен сотталып, жақында ғана түрмеден шыққан.

Жедел іздестіру кезінде қолға түскен азамат қылмысын түнгі уақыттарда жасап жүргенін айтқан.

Ол автотұрақта тұрған көліктердің айналарын шешіп алып жүрген. Артынша қара базарда сатқан. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Полиция департаменті оның өзге де қылмыстық іске қатысы бар-жоғын тексеруде.

"Тұрақта тұрған көліктердің бүйір айналарын бұрағышпен шешіп алып жүрген. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатыстығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ә. Лесбек

Айта кетейік, бұған дейін елорданың екі тұрғыны эвакуатор жалдап, өзгенің көлігін ұрлап кеткенін хабарлаған едік.

Белгілі болғандай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицияға көлігін әлдекімдердің ұрлап кеткенін айтып, жүгінген. Үш күн бойы қалада болмаған тұрған оралған кезде ауласынан Hyundai Accent маркалы көлігін таппай қалған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында көлік ұрлаған 34 және 29 жастағы екі тұрғынды ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895027-almatyda-klik-ajnasyn-rlajtyndardy-biri-staldy/