Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеге қайта оралмас үшін": Ақтөбеде абақты есігінің алдында ерекше кездесу өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен

Ақтөбеде жазасын өтеу мекемесінің қызметкерлері абақтыдан шыққандарды темір тор есігінің алдынан қуантты. Жазасын өтеп шыққандарға түрменің алдында жұмысқа жолдама берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шара жазасын өтеп шыққандарға ерекше әсер етті.

"Біз секілді қамаудан енді босаған азаматтарға осындай керемет кездесуді ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне, мамандарға және пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Өмірімнің маңызды қадамы. Отбасым менен бас тартқандықтан, қазір барар жерім жоқ. Осы кездесудің арқасында паналайтын орталыққа дейін тауып берді. Ендігі мақсатым- жұмысқа орналасып, отбасын құру. Адал еңбегіммен отбасымды асырау",- дейді бостандыққа шыққан Б. есімді азамат.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінің әкімшілігі бостандыққа шыққандарға "Қақпа алдында кездесу" шарасын өткізіп, әлеуметтік жағдайын жасауға көмектесті.

Фото
Фото: Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Гүлнәр Джубаниязова, сотталғандарға жұмысқа орналасуға жолдама берсе, пробация қызметінің инспекторы Руслан Кульмурзин  пробация қызметіне есепке алынған күннен бастап, сотталған азаматтың жаза өтеу тәртібін түсіндірді.

"Әлеуметтік жоба  мақсаты- сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күнінен қоғамға бейімделуі үшін жағдай жасау. Бостандыққа енді шыққан азаматқа әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі көмектерді көрсету, туыстық байланыстарын нығайту болып табылады",- дейді КА-168/1 мекемесінің арнайы контингент арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Арман Панабек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895068-trmege-kajta-oralmas-sin-aktbede-abakty-esigini-aldynda-erekse-kezdesu-tti/

pixel