Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сау жері қалмаған": Дизайнер жігітті өлтіру ісі Алматы сотына жіберілді

Опубликовано:

Дизайнер
Дизайнер Сәбит Сырахан. Фото: Instagram/h1rosima

Bisen лақап атымен көбірек танымал болған streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сыраханды өлтіру ісі сотқа жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іс Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы бойынша қарауға жіберілді", – деді соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Еске салсақ, 2020 жылдың қазан айында белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болған еді.

Қаралы хабарды марқұмның достары мен әріптестері жеткізген болатын. Өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында дизайнердің өлімі туралы танымал рэп-орындаушы Hiro жазды.

Ол желіге жүктеген stories-те дизайнердің адам қолынан қаза тапқанын атап өтті.

"Бисен енді біздің жанымызда емес. Досымды тепкілеп өлтірді. Сау жері қалмады! Аяқкиімінен таныды", – деді Hiro.

Қазақстандық рэп-орындаушы Азамат Маркленов те желіде жазба қалдырды.

"Кешірші бізді, күндердің бір күнінде міндетті түрде бірге жұмыс істейміз, бауырым. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің", – деп жазды ол.

Сонымен қатар, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған ер адам бірден ұсталды.

Ол көз жұмған жігіт кездесіп жүрген қыздың туған ағасы болып шықты. Күдікті адам өлтіргенін мойындады. Оны жақтырмай жүргеннен кейін соққыға жыққанын да айтты. Кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895070-dizajnerdi-ltiru-isi-almatyda-sotka-ziberildi/

pixel