Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония Токио Олимпиадасын кейінге қалдыру туралы ақпаратты жоққа шығарады

Опубликовано:

Бес шеңбер
Көрнекі фото: piqsels.com

Жапония үкіметі осы жазда Токио Олимпиадасының өткізілмейтіні туралы хабарламаны жоққа шығарды деп хабарлайды DW.

Жапония министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары Манабу Сакаи Олимпиада ойындарының пандемияға байланысты өткізілмейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Үкімет пен Халықаралық Олимпиада комитеті ойындарға дайындыққа ден қойғандығы атап өтілді.

Сакаидың айтуынша, ел билігі коронавируспен күресу үшін Олимпиада ойындарының өтуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Министрлер кабинеті пандемияға байланысты ойындар өткізілмейді деп санап отырғанын жеткізгені туралы жазған болатынбыз. Олар Олимпиаданы 2032 жылы ұйымдастырамыз деп үміттенетінін хабарлаған еді.

Жапония премьер-министрі Йошихиде Суга үкімет инфекцияларға қарсы барлық шараларды қабылдайтынын және "бүкіл әлемге үміт пен батылдық әкелетін" ойындарға дайындықты жалғастыратынын айтты.

Токиода және Жапонияның басқа да ірі қалаларында төтенше жағдай тудырған коронавирус жағдайларының қысқы толқынына байланысты, дереккөздер күн шығыс еліне биыл Олимпиаданы өткізу мүмкіндігі тым төмен деп санайды.

Басылым қоғамдық пікір сауалнамалары Жапония халқының 80 пайызы жазда өтетін Олимпиада ойындарына қарсы екенін көрсеткенін жеткізді. Олар бұл айтулы шара инфекцияны одан әрі таратуға қабілетті деп есептеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895098-zaponia-tokio-olimpiadasyn-kejinge-kaldyru-turaly-akparatty-zokka-sygarady/

pixel