Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелі үйде жоқ дейді": БҚО-да сотпен қамауға алынған экс-полицей жасырынып жүр

Опубликовано:

Тілек Қожамберлиев
Тілек Қожамберлиев. Фото: uralskweek.kz

Бұрынғы учаскелік инспектор Тілек Құжамберлиев әкімшілік соттың шешімімен қамауға алынуы керек еді. Сондай-ақ ол жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда ер адам полиция мен соттан қашып жүр. Ол бірде бір процесске қатыспапты, тіпті оның қайда екені де белгісіз. БҚО ПД айтуынша, ер адамды іздеу жұмыстары бірнеше айдан бері жүргізіліп келеді деп хабарлайды "Орал апталығы".

Басылымның дерегінше, өткен жылыдң шілдесінде Деркөл кентінің учаскелік инспекторы мас күйде өз көлігімен жергілікті дүкенге барған. Сонымен бірге оның көлігінің сақтандыруы мен артқы мемлекеттік нөмірі болмағаны анықталған.

Нәтижесінде полицейді наркоорталыққа апарып, ондағылар ер адамның орташа деңгейде мас екенін анықтаған.

Осы оқиғадан кейін тәртіп сақшысын жұмыстан шығарып, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы орындамағыны, мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Экс-учаскелік полиция бірде бір сот отырысына қатыспапты. 19 қаңтарда әкімшілік сот Тілек Құжамберлиевке қатысты істі сырттай қараған. Оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шыққан. Алайда тәртіп бұзушы әлі күнге дейін табылмай жатыр.

БҚО полиция департаменті бұрынғы қызметкерінің мекенжайын 2020 жылдың 23 шілдесінен бері анықтай алмай жатқанын айтқан.

"Біз оны өз бетімізше іздедік, ол екі айлық мерзімнің (әкімшілік) материалы болған кезде бізге келген жоқ. Батальон қызметкерлерін үйіне жіберді-бірақ олар оның үйіне кіре алмайды, себебі әкімшілік бап бар. Оны ақыры тападық. Мүмкін ол үйінде. Оның үйіне полиция келеді, әйелі оның үйде жоқ екенін айтады. Оны сырттай соттады – кез келген уақытта, егер оны ұстаса, үкімді орындау үшін сотқа жеткізеді", — деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Тілек Қожамберлиевтің құқық бұзушылығы оның екі әріптесін жұмыстан шығаруға және оның тікелей басшыларына сөгіс беруге себеп болған. Кейін дүкен иесіне карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895131-jeli-jde-zok-dejdi-bko-da-sotpen-kamauga-alyngan-eks-policej-zasyrynyp-zr/

pixel