Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып, тонап кеткен

Опубликовано:

Көсеу
Фото: altapress.ru

Ақтөбеде ұры өзгенің үйіне кіріп, екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып, тонап кеткен деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 17 қаңтарға қараған түні белгісіз ер адам өзгенің үйіне терезеден кіріп, 2-топтағы 72 жастағы мүгедек зейнеткер мен оның әйелі, 1-топтағы мүгедекті көсеумен ұрып, дене жарақатын салған.

Содан кейін ол қарттардың 20 000 теңге көлеміндегі соңғы ақшасын алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Ол ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда 66 жастағы әйел адамды көшеде тонап кеткен жас жігіттің ұсталғанын жазған едік.

Полицияға шағымданған зейнеткердің айтуынша, шағын аудандардың бірінде бейтаныс ер адам келіп қолындағы сөмкесін тартып алған.

Сөмкеде құжаттардан бөлек, зейнеткердің банк картасы мен 85 мың теңге қаржысы болған.

Полиция "Тонау" бабы бойынша іс қозғаған. Күдікті қаладағы орталық саябақ ауданынан ұсталған. Ол 19 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері екі зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшасын ұрлаған күдіктіні ұстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1895158-aktbede-ry-eki-mgedek-zejnetkerdi-kseumen-aausyz-rgan/

pixel