RU

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты енді әйелдер тергейді

Кішкентай балаларды зорлау
Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Енді әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеуші әйелдер тергейді деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдер мен кәмелетке толмағандар күн сайын жыныстық сипаттағы қылмыстардың құрбанына айналуда. Бұл туралы ІІМ Алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Ол осындай қылмыстарды тергеумен айналысатын тергеушілердің мамандануын қамтамасыз етуді және әйел қызметкерлерді жыныстық қылмыс құрбандарымен жұмыс істеуге дайындауды және оқытуды қамтамасыз етуді тапсырды.

"Бұл бағытқа жауапты ретінде тәжірибелі қызметкерлерді бекіту, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі бағдарламаны кеңінен қолдану және дербес деректердің құпиялылығын мүлтіксіз сақтау қажет", – деп толықтырды ведомство басшысы.

Айта кетейік, Өскемен тұрғыны бұрынғы әйеліне маза бермегені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

"Күн сайын төрт сағаттан қоқыс жинайды. Сотталушының жүріс-тұрысы мен жұмысты орындауы біздің үнемі бақылауымызда", - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Сол жағалау ауданы пробация қызметінің қызметкері, әділет майоры Серік Бекбұлданов.

Сотталған ер адам қоқыс тазалап жүріп нені түсінгенін айтты.

"Қоқыс жинаған кезде бір кездері өзімнің қоқысты урнаға емес, жерге лақтыра салатыным есіме түседі. Бос бөтелкелерді арақ ішкен жерде қалдырып кететін едім. Ал енді қоғамдық жұмыстарда жүріп, тазалықты сақтау қажет екенін түсіндім", - дейді ол.

Департамент қоғамдық жұмыстардан жалтарған адамдар қамауға алынуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895341-kmeletke-tolmagandarga-katysty-zynystyk-zorlyk-zombylykty-endi-jelder-tergejdi/