jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Елімізде жаңадан үш партия құрылады

    Қазақстан туы
    Көрнекі фото: zakon.kz

    Елімізде жаңадан үш партия құрылады. Оның бірі қазір Әділет министрлігінде тіркеліп жатса, тағы екеуі әлі партия съезін өткізу керек. Жалпы былтыр 9 бірдей саяси ұйым партия ретінде тіркелуге өтініш беріпті. Бірақ соның алтауының өтініші заң талабына сай емес деп кері қайтарылған деп хабарлайды КТК арнасы.

    Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, партияны тіркеу екі сатымен жүргізіледі. Алдымен ниеті болған саяси ұйым өтініш беруі керек. Егер барлығы заңға сай келсе, одан соң съезд өткізіп қол жинайды. Қазіргі заң бойынша сапында 20 мың адам адам болуы шарт.

    Бірақ олардың арасында әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге ел азаматтары болмауы тиіс. Осындай талаптарға сай келмей қалғандардың бірі – El tiregi.

    Саяси ұйым жетекшісі Нұржан Әлтаев "әдейі тіркемей отыр" деп Әділет министрлігін сынаған еді.

    Ал министрліктің мәлімдеуінше, олардың құрамында қайтыс болған адамдардың аты-жөні жүр. Содан арылсын деген ұстанымда. Әлтаевтың оппозициялық баламалы үкімет құрам деген мәлімдемесіне министр Бекетаев күмәнмен қарайтынын білдірді.

    "Егер қандай да бір партияның құрамында жақсы қаржыгер, заңгер, мықты мамандар болса, неге құрмасқа? Ал біздің көріп отырғанымыз "маған ақша берсең, мен осындай адамдарды тауып беремін, сосын олар солай істейді" дегенге саяды. Одан гөрі, алдымен сондай адамдарды тауып, содан кейін қаржыландыруды сұраған дұрыс шығар? Олар тіпті ақша сұрамайтын да шығар",- деді Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев.

    Дереккөз: КТК

    Елімізде жаңадан үш партия құрылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.