Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин ұзартылды: Түркістан облысында демалыс күні кей нысандар жұмыс істемейді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов сәйкесінше қаулыны жария еткен.

Аталмыш қаулыға сәйкес, қаңтардың 15-нен бастап, жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды.

Ал жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет етеді. Одан бөлек, үй жанындағы дүкендерге сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Мал базарларға санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері мен мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

Ал дүйсенбі-жұма күндері санитариялық-дезинфекциялық режимді, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтай отырып сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет ете алады.

Сауда саласындағы нысандар, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фаст-фудты, балмұздақты, сусындарды өткізу дүңгіршектері қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоодүкендер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеп, демалыс және мереке күндері жұмысын тоқтатады.

Шаштараздар, сұлулық салондары, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (1 келушіге 4 ш.м. дейін, алдын ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Жұмыс күндері монша мен сауналар 50 пайыздан аспайтын сыйымдылық тәртібін сақтай отырып, сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін қызмет көрсете алады. Ал демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылады.

Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары 30 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен (әрбір жанға 5 шаршы метр аумақтан кем емес) алдын ала жазылу арқылы жұмыс істейді.

Мұндай нысандар да демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарына келушілер саны 15 адамнан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895369-elimizdi-tagy-bir-oblysynda-karantin-men-sekteu-saralary-zartyldy/