Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында жаңа елді мекен бой көтереді

Опубликовано:

Кендірлі
Фото: facebook.com/AkimatMangystau

Маңғыстау облысында жаңа елді мекен пайда болады. Ол Кендірлі деп аталады. Ауылдың іргетасын қалау рәсіміне өңір басшысы Серікбай Трұмовтың өзі қатысты деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі Facebook парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, Жаңа ауыл Кендірлі курорттық аймағының маңында, яғни теңізден 2 шақырым қашықта, Жаңаөзен қаласынан 63 шақырым жерде орналасады.

Бүгінгі таңда ауылдың бас жоспарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы бұл бастаманы қолдап, жаңа ауыл құрудың маңыздылығын атап өтті. Трұмов Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан ауыл халқының едәуір артуына байланысты бұл жобаның тиімді екенін жеткізді.

Сондай-ақ жауапты тұлғаларға ауылдың бас жоспарын әзірлеуде жергілікті жердің және жалпы өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ең заманауи әдістерді қолдануды тапсырды.

Бірінші кезекте инфрақұрылым құрылысына көңіл бөлінеді, содан кейін ғана жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу басталады.

Сонымен қатар алдағы уақытта Кендірлі курорттық аймағында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщытатын зауыт салынбақ. Су зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған жақын маңдағы барлық ауылдардың қажеттілігін толық қамтамасыз ететін болады.

Облыс әкімі жаңа ауылдың теңізге жақын орналасуы Кендірлінің туристік аймағын одан әрі белсенді дамытуға мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен бірге болашақта осы аумақта жаңа аудан құру мәселесі де талқыланды. Ол шамамен 7-9 ауылды қамтуы мүмкін.

Олардың арасында Рахат, Теңге, Бостан, Сенек және басқалары бар. Кендірлі ауданы 616 мың гектар аумақты қамтиды деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда шекараны анықтау, сондай-ақ бас жоспарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895371-magystau-oblysynda-zaa-eldi-meken-boj-kteredi/

pixel