Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адам саны күн санап артуда": Елімізде артық майдан арылу үшін ота жасататындар көбейген

Опубликовано:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Артық салмақтан арылудың сантүрлі жолы бар. Біреулер ас-суды шектеп диета ұстайды, енді бірі таң атпай жүгіріп, залда шынығады. Бірақ кейінгі кездері бұл дәстүрден ауытқып, дене бітімін сымбатты етудің өзге амалын тапқандардың қарасы көбейген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Мінсіз мүсін көптеген қыз-келіншектің арманы. Сол үшін де олар артық майын алып тастап, оны өзге дене мүшелеріне еккізуге құмартқан.

Елімізде де сұлулана түсу үшін ең қауіпті "липосакция", "абдоминопластика" сынды ота жасатып, тәуекелге бел буатындардың қарасы көбейген.

"Абдоминопластика мен липосакцияға жүгінетін адамдардың саны күн санап артуда. Мәселен, аптасына 3-4 ота абдоминопластика жасаймыз. Бұл блефаропластика мен маммопластикадан кейінгі үшінші орында тұрған ота.

Көбіне салбыраған майларын алдырту үшін босанған әйелдер жүгінеді. Мұндай операциялар барлық адамдарға арналмаған. Сол себепті де тескеріп, денсаулығы, психологиясы көтере алатын адамдарға ғана жасаймыз. Отадан кейін науқас кем дегенде бір ай күтіну керек", - дейді хирург Ілияс Бейскенов.

Өз денесінің контурын өзгертіп, жақсартқысы келетін нәзік жандылар бұл отаға 100 мың мен 600 мың теңге аралығында жұмсайды екен.

Психологтың пайымынша, мұндай қатерге келбетіне қатысты көп сын естіген қыз-келіншектер баратын көрінеді.

"Бірінші кезекте өзіне назар аударту мақсатында сенімділігін арттыру және де басқа адамдардан ерекше көріну мақсатында осындай жолдарға барып жатады. Яғни олар өздерін қалай бар солай қабылдай алмайды", - дейді психолог Камила Асыпқызы.

Десе де, сұлулықтарымен әлемді таңдай қақтырған жұлдыздар да мүсінін қалыпқа келтіруден қалыс қалмаған. Әлемде бағзыдан дамып кеткен бұл ота түріне жүгініп, пышақтың астына түскендері де аз емес.

Мәселен, танымал әнші Бейонсе, фотомодель, дизайнер Ким Кардашьян, актрисалар Деми Мур мен Джесика Альба, әнші Бритни Спирс, ресейлік әнші Ирина Дубцова, әнші Лолита, тележүргізуші Роза Сәбитова және тағы басқа.

Артық майдан арыламын деп ажал құшқандар да бар. Сондықтан мамандар сертификаты бар, тәжірибелі дәрігерлерге жүгіну керектігін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895397-600-my-tegege-dejin-elimizde-artyk-majdan-arylu-sin-ota-zasatatyn-jelder-kbejdi/

pixel