Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда аулада ойнап жүрген бүлдіршіннің төбесіне қар үйіндісі түсті (фото)

Опубликовано:

Қатқан қар үйіндісі түскен орындық
Фото: instagram.com/blacklist.uralsk

Оқиға 24 қаңтарда түстен кейін Оралдың бесінші ықшамауданында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылды. №7 үйдің үшінші кіреберісі маңындағы оқиға жайлы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Ақпаратқа БҚО денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде түсініктеме берілді.

"Бүгін күндіз ойнап жүрген балалардың үстіне үлкен мұз бен қар үйіндісі құлады. Бір бала орындықта отырған. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті, ол тірі, бірақ қозғала алмады. Күн жылынғаннан кейін қаланың әр жерінде осындай жағдай орын алады. Бұл үй балансында тұрған тұрғын үй пәтер иелерінің кооперативі шатырды қардан тазарту міндетінен бас тартады", – делінген Instagram-дағы жазбада.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі осы мекенжайға жедел жәрдем барғаны туралы ақпаратты растады. Дәрігерлердің тексеруінен кейін бала үйіне жіберілген.

Үй төбесі
Фото: instagram.com/blacklist.uralsk

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл үйге "Еділ Жайық" тұрғынүй пәтер иелерінің кооперативі қызмет ететіндігін баса айтты.

"Тұрғын үй пәтер иелерінің кооперативі шатырды қардан тазарту олардың міндеттеріне кірмейтінін айтты. Жарналар басқа мақсаттар үшін жиналады. Біз барлық тұрғынүй пәтер иелерінің кооперативі менеджерлеріне шатырларды және айналадағы аумақты қар мен мұздан тазарту қажеттілігі туралы хабарлама жібердік. Талаптар орындалмаған жағдайда материалдар жергілікті полиция қызметіне өткізіледі", – деп атап өтті Орал қаласының тұрғын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дархан Еркінұлы.

Оралда жауын-шашынның көп мөлшерінен кейін күрт жылынған. Көпқабатты үйлердің шатырларынан мұздың пайда болуы және қардың еруі ықтималдығы артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895498-oralda-aulada-ojnap-zrgen-bldirsinni-tbesine-kar-jindisi-tsti-foto/

pixel