Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"QazCovid-In" немесе "Спутник V": Ел тұрғындарына қандай вакцина егіледі

Опубликовано:

Ине
Көрнекі фото: piqsels.com

Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы қандай вакцина егілетінін, сондай-ақ вакцинаны кім салдыра алатындығы туралы айтты. Еске салсақ, елімізде жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейде өндірілетін "Гам-КОВИД-Вак" – "Спутник V"-мен коронавирусқа қарсы вакцинация басталатынын айтты.

15 ақпаннан бастап вакцинация үдерісіне Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасы қосылады. 2021 жылдың 2-тоқсанынан бастап қазіргі кезде клиникалық зерттеулердің 3-сатысында тұрған Қазақстанда жасалған дәріні қосу жоспарлануда.

"Біріншіден, коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары халықтың осал топтары коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алады, одан әрі иммундау жүргізілетін халықтың қалған бөлігі қамтылады.

Бірінші кезеңде вакцинациямен қамтылатындар: жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері, жедел медициналық көмек қызметкерлері, жансақтау бөлімінің қызметкерлері, БМСК, қабылдау бөлім, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері.

Екінші кезеңде вакцинация орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдерін, бірінші кезеңге енбеген медициналық қызметкерлерді қамтиды.

Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдерін, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды", – деп хабарланды денсаулық сақтау министрлігінде.

Сондай-ақ, вакцинациялау жоспарында төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі және басқалары халықтың осал топтары болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895546-sputnik-v-nemese-qazcovid-in-kazakstandyktarga-kandaj-vakcina-egiledi/

pixel