Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпті ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: Win McNamee/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпаннан басталатын коронавирусқа қарсы вакцинация қауіпті ме, ол аллергиялық реакциялар тудыра ма деген сауалдарға жауап беріп, оны неліктен екі кезең алу керек екенін айтты.

Министрлік қазір Covid-19 вакцинасына қарсы көрсеткіштерді тізіп шығу мүмкін емес екенін айтты.

"Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаға нұсқаулықтың пайда болуы, вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсеткіштері, иммунизациядан кейінгі жағымсыз көріністері, вакцинаны енгізу әдістері мен сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтер қажет. Осыған байланысты қазіргі уақытта қарсы көрсетілімдерді тізу мүмкін емес", – деді ведомствода.

Денсаулық сақтау министрлігі ағзаның вакцинаға деген "жауабы" дене қызуы, қызару және вакцина енгізілген жерде ісінуі деп қосты.

Вакцинаға аллергия болуы мүмкін екенін болжау мүмкін емес, сондықтан вакцинация алдында пациенттің оның жалпы аллергиясы бар-жоғы тексеріледі, содан кейін оларды еккеннен кейін тағы 30 минут бақылайды.

"Аллергиялық реакцияны алдын ала болжау мүмкін емес, өйткені әрбір организм өзгеше. Уақытылы реакция алу үшін адам вакцинация алғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта медициналық мекемеде дәрігердің бақылауында болуы керек. Дәл осы кезеңде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін", – деді денсаулық сақтау министрлігі.

Вакцинациядан кейін пациентке вакцинаның жанама әсерлері туралы мәліметтер мен емханалардың телефондары жазылған жаднама беріледі. Учаскелік дәрігер адамды 3 күн бойы бақылап отыруы керек.

Covid-19 вакцинасы 2 кезеңде енгізіледі. Бірінші доза қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді, екіншісі 21 күннен кейін антиденелердің мөлшерін көбейтіп, біріншісінің әсерін күшейтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895552-koronaviruska-karsy-vakcina-kauipti-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel