Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 2021 жылы неше шаршы метр тұрғын үй салынатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Пәтер
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2021 жылы Қазақстанда неше шаршы метр тұрғын үй салынатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Маминнің айтуынша, үкімет құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды. 

Ол биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланғанын жасырмады. 

Инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды, деді үкімет басшысы.

BAQ.KZ мәліметінше, сонымен қатар премьер-министр Қазақстанда 6000 шақырым жол жөнделетінін де атап өткен.

"Көлік инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының көлік әлеуетін іске асыру үшін 6000 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңартылуы аяқталады. 5800 шақырым жолға ақылы төлемдер енгізіледі", - деді Асқар Мамин.

Одан бөлек, ремьер-министр осы жылы бюджет саласындағы бір миллионнан астам қызметкердің жалақысы өсетінін мәлімдеді.

Асқар Маминнің сөзінше, осы жылы 1,3 миллион адамға жұмыспен қамтудың әртүрлі шаралары ұсынылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік береді, дейді үкімет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895672-elimizde-2021-zyly-nese-sarsy-metr-trgyn-j-salynatyny-belgili-boldy/