Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Мұқаев: Табысымның барлығын балабақша салуға жұмсаймын

Опубликовано:

Дәулет Мұқаев
Фото: Instagram/dauletten

Отандық танымал блогер Дәулет Мұқаев алдағы уақытта бұрыннан келе жатқан армандарының бірін іске асырмақшы. Желі белсендісі саналы ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізетін балабақша ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін журналист бар табысын жұмсауға дайын екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұрыннан бала-бақша, мектеп, сосын университет ашу (салу) арманым еді. Жайлап сол арманды іске асыратын уақыт келе жатқандай. Маған тойхана немесе жалға беріп қоятын ғимарат салып, тыныш өмір сүре беруге де болады. Бірақ мен саналы (сапалы) ұрпақ тәрбиелегім келеді. Бисмарк айтқан екен: Уақытында мектеп салмағандар, кейін түрме салады деп.
Астарында терең ой жатыр. Алдымен бала-бақша құрылысын бастағым келеді. Рухани жаңғыру деген бұрынғы 15-16 ғасырға қайта кетіп қалу емес. Қазақи болмысымызды сақтап қалу. Құндылықтарымызды, тарихымызды ұмытпау! Бұдан былай табысымның барлығын арманымның ақиқатқа айналуына жұмсаймын деп шештім. Сәттілік тілеп қойыңыздар" , - деп жазды Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары блогердің бұл бастамасын бірауыздан қолдап, оған сәттілік тіледі.

"Дәулеттің балабақшасында тәрбиеленетін ұрпақ үй-күйсіз жүрмейтіні анық" , "Жарайсыз, сізді қолдаймыз" , "Алла ісіңізге береке берсін" , "Өте дұрыс. Қазіргі таңда жақсы білім керек" , "Жұмысыңыз алға бассын" , "Сәттілік серігіңіз болсын" , "Сізді мақтан тұтамыз. Тек қана алға баса беріңіз" , "Өте керемет бастама, баламды бірінші болып беремін сіздің балабақшаңызға" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895689-dulet-mkaev-tabysymny-barlygyn-bala-baksa-saluga-zmsajmyn/

pixel